КММ «Ана мен бала» облыстық оңалту орталығы.

Мекен жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Енбекші ауданы, Төлеби көшесі 21А, индекс 160050

2007 жылы 1 – маусымнан Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің бұйрығы бойынша Шымкент қаласында тұңғыш рет Мемлекеттік мекеме «Ана мен бала» жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан республикасының президенті Н.Ә .Назарбаев қатысты.

АҚТҚ індетімен залалданған балаларға және олардың аналарына толыққанды өмірін ұзартуға, жақсы күтім жасауға және емдеуге негізделген 60 орындық орталық. Күндізгі стационарлық ем қабылдауға 10 төсектік орыны бөлінген. Орталық қазіргі заман талабына сай ең соңғы жоғарғы техникалық құралдармен жабдықталған.

            Орталықтың міндеті:

  1. АҚТҚ шалдыққандарға, созылмалы вирус гепатит В,С науқастарын емдеу және диспансерлік бақылау жүргізу.
  2. АҚТҚ шалдыққан науқастарға аурухана жағдайында тиімді жоғарғы сапалы диагностикалық, емдік, медициналық көмек көрсету.
  3. Жанұяларға, ата-аналарға психологиялық әлеуметтік қолдау көрсету.
  4. Орталықта медициналық қызметкерлерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған маңызды мәселелерді талқылау, оқыту, дайындық жүргізу бойынша оқыту тренинг орталығы ұйымдастырылған.

              

Орталықтың материалдың техникалық құрылымы:

  1. Амбулаторлық диспансерлік бөлім
  2. І – созылмалы вирусты гепатит балалар       бөлімі
  3. ІІ – жұқпалы аурулар бөлімі
  4. III- созылмалы вирусты гепатит ересектер бөлімі
  5. Жансақтау бөлімі
  6. Клиника- диагностикалық зертхана жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған.
  7. Рентген кабинет

Орталықта амбулаториялық диспансерлик бөлімінде науқастарға жеке саладағы маман дәрігерлердің кеңесі мен емдері жүргізіледі. Олар дәрігер – стомотолог, гинеколог, нефролог, лор – дәрігері, УДТ - дәрігері, рентгенолог, педиатр, терапевт және психолог пен әлеуметтік қызмет көрсетушілер және мультидисплинарлық команда қызметкерлері құрамында жұмыс жүргізіледі.

Орталықты 2007-2012 жылдары бас дәрігері Кульманбетов Эркін Бектанұлы басқарған, 2012-2015жылдары Шакенов Бақытжан Шеріұлы басқарып келеді.

   Орталықта жақын және алыс шетелдерде, атап айтқанда Ресейде (Санкт-Петербург, Москва), Грузия (Тбилиси), Өзбекістан (Ташкент), Украина (Киев), Румыния мемлекеттерінде білімдерін жоғарылаткан білікті медицина мамандары жұмыс жасайды.Сондай-ақ Испания, Румыния, Израил елдерінде халықаралық конференцияларға қатысқан.  

Қазіргі таңда орталық республика көлемінде АИТВ/ЖИТС шалдыққан науқастарға аурухана жағдайында тиімді жоғарғы сапалы диагностикалық, емдік, медициналық көмек көрсетеді.